“Адал ұрпақ” еріктілер тобы “Адалдың жәрмеңкесін” ұйымдастырып өткізді
Ағымдағы жылдың қазанның 20-ы Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясында “Адал ұрпақ” еріктілер тобы “Адалдың жәрмеңкесін” ұйымдастырды. Жәрмеңкенің мақсаты: жас ұрпақтың қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру және оқушыларға өздерін жақсы, адал адам ретінде тануға мүмкіндік беру.
Оқушылар ақшасын кассаға салып, қалаған тағамдар мен заттарды сатып алды. Дүкенші жоқ, өздері үстелге жақындап, қалағанын алып, ақшасын майдалап алды. Осы адалдық жәрмеңкесінен кейін балалардың бойында барынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы сезімдер мен адалдық қасиеттері арта түсті десек те болады.
Жиналған ақшаға, көп балалы және жартылай жетім отбасыларға көмек жасадық. 1 отбасына қысқы аяқ киім, 5 отбасына тағамдармен қамтамасыз ете алдық.
Адалдық жәрмеңкесіне қатысқан ата-аналар, оқушылар мен ұстаздарға алғысымызды білдіреміз.