Меню KDT

Новости

Главная Новости

Айқын Нұрқатов атындағы Шұқыркөл орта мектебінің»

2021 жылдың  04.10-15.10 күндері аралығында Новоишим қазақ орта мектебінің ресурстық орталығында  7-11 сыныптардың қатысуымен  бастапқы сессия жоспарланып, өз жұмысын бастады. Сессияға «Айқын Нұрқатов атындағы Шұқыркөл орта мектебінің» 7-11 сыныптың 33 оқушысы қатысты. Оқу-тәрбие үрдісі бойынша жоспарлар, ресурстық орталықтың жұмыс регламенті мен күн тәртібі бекітіліп, сабақ кестесі дайындалды. Сонымен қатар сабақ беретін пән мұғалімдері анықталынды. 7-11сыныптарда күзгі сессия кезеңінде жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша төмендегі пәндер оқытылды: химия, биология, математика,география, информатика және физика. Бастапқы сессияның алғашқы күндері оқушылардан кіру тесті алынды. Сонымен қоса мектеп психологі  А.Жахина сессияның алғашқы күндерінен бастап оқушылардың сессия кезіндегі ой-пікірлерін білу, пәнге деген қызығушылықтарын, көңіл-күйін анықтау мақсатында түрлі тақырыпта сауалнамалар алып, нәтижелеріне талдау жасап отырды. Бұл қорытындылар оқушылардың көңіл-күйлерін, ресурстық орталықтың жұмысына, сабақ барысына деген көзқарастарын көрсетеді, болашақтағы жұмысты қалай өзгертуге болатынына бағыт береді. Күннің  екінші  жартысында таңдамалы пәндер бойынша жеке  және топтық консультациялар   ҰБТ-ға дайындық жүргізілді.Сонымен қоса оқушылардың шығармашылық, әскери-патриоттық қабілеттерін дамыту мақсатында сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылды.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено