«Қарты бар елдің қазынасы бар»
Қария - ағып жатқан дария, телегей теңіз іспеттес. Теңіздің тұнығы, дарияның тазалығы қандай болса, біз де өздеріңізді сондай деп білеміз. Ақсақал-әжелер - халықтың тұнып тұрған хаты. «Қарты бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөз осыдан қалса керек.
Оқушыларды өзінен үлкенді құрметтеуге баулу, адамгершілік қасиеттерді
сезіне білуге, инабаттылыққа және имандылыққа тәрбиелеу , қарттарын
қадірлейтін құрмет тұтатын қайырымды, мейірімді оларды өз
сүйіспеншілігіне бөлей алатын жаны таза, адамгершілігі мол азаматты
қалыптастыру мақсатында аға тәлімгер Э.Г. Еслямның жетекшілігімен «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қарт адамдарды халықаралық қарттар күнімен құттықтап, өздері дайындаған құттықтау открыткаларын табыс етті.