Новоишим қазақ орта мектебінде «Мен мықты болсам-Қазақстан да мықты » атты психологиялық онкүндік іс-шара аясында, мектеп психологтерінің. ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушылар арасында Кункаева Г.Т, орта буын арасында Жахина А.М. «Адамгершілік-рухани байлық» тақырыбында тренингтер өткізді. Тренингтің мақсаты: Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірімділік, ақылдық, шыншылдық, қайырымдылық, адалдық тәрізді қасиеттерді игеруге, жаман қасиеттерден бойын аулақ ұстауға, бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыру.