2021 жылдың 21 қазан күні педагог-психолог А.М. Жахина «Мен мықты болсам – Қазақстан да мықты» психологиялық денсаулық онкүндігі аясында балалар мен жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету телефоны және тәулік бойы жедел көмек көрсету қызметінің жұмысы туралы ақпарат беріп, мектепте тұрақты сенім телефон қызметі туралы ақпараттық стенд рәсімдеді. Сонымен қатар жасөспірімдерге арналған "Өз өміріңнің бағасы" жадынамасын дайындап, «Еріктілер» клубының мүшелерімен бірге мектеп оқушыларына таратты.