Ауыл қазақтың алтын бесігі, күре тамыры. Ауыл адамзаттың кең дүниенің есігін ашып өмірге, бізге дейінгі сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен кең маңдай тері тамған, киелі мекені. «Ауылдың гүлденуі- Қазақстанның гүлденуі» марафоны аясында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де 25.10.21 - 29.10.21 аралығында 1-11 сыныптарда «Ауылым - алтын бесігім» тақырыбында тәрбие сағаттары өтуде. Мақсаты: туған жердің қадір – қасиетін ұғынуға, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге, еліне деген сүйіспеншіліктерін, сезімін қалыптастыру.