Меню KDT

Новости

Главная Новости

Ұлт шамшырағы

2021 жылдың 15-18 қараша айының аралығында

№22 мектеп-гимназияның 10 сыныптарында

«Ұлт шамшырағы» атты дөнгелек үстел өткізілді.

                                                                              Өткізген:

                                                                             қазақ тілі және әдебиет

                                                                             пәнінің мұғалімдер:

                                                                             Кизатулина Г.А; Базарова Г.С

  Мақсаты: оқушыларға Ыбрай Алтынсариннің туып – өскен, оқып білім алған, еңбек жолы басталуы туралы мағлұмат беру. Ы. Алтынсариннің өлеңдері арқылы оқушылардың патриоттық сезімін оятып, өз елін құрметтеу, жерін қадірлеу, тілге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Оқушылардың жауапкершілік, белсенділік, ізденіштік, зерттеушілік қасиеттерін дамыту.

 Дөнгелек үстелді Ы.Алтынсариннің өлеңдерімен оқушылар ашты.

 Дөнгелек үстелде Ы.Алтынсариннің өмір жолымен, тыңдырған істері және еңбектері  туралы әңгімеленді. Арнайы бейнероликпен слайд көрсетілді және шығармаларының шағын көрмесімен танысты. Оқушылар белсенді қатысып, өз пікірлерін, көз қарастарын білдірді. Қазақ тілінде өз ойларын тілдік нормаларын сақтай отырып жеткізе білді. Ы. Алтынсариннің қазақ даласында оқу - білім таратуда атқарған қызметін қалай бағалайсың? Оның шығармалары қандай тәрбиелік мән береді? деген мәселелер көтерілді.

 Шара соңында оқушылар өздеріне ұнаған өлендерінен үзінділер жатқа айтып пікір алмасып өз ойларын білдірді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено