М.Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейінде Қазан айының 19 күні, лицей күніне орай.5,6,7 сынып оқушыларымен әртүрлі үлгіде құттықтау жүргізілді, балаларға төсбелгілер тағылды.Сонымен қатар, тақырыптық сынып сағаттары өтті. 7сынып оқушылары Мектепке кіре алдында мұғалімдер мен балаларды (тірі микрофон) үлгісінде қарсы алып, оларға лицей тарихы жайында сұрақтар қойды. Сонымен бірге үлкен қоңырауларда “Жас Дәурен” мектеп парламентінің мүшелері мен призиденттіке үміткерлер барлық мектеп оқушыларын мектептің тарихына шолу жасап,мектептің жетістіктерімен таныстырды.Қоңырау кезінде 5 сынып оқушыларынан кішігірім би,домбыра мен күй ойнап ұсынды. Рябчинский Ерослав Мағжан Жұмабаевтың “Мен Жастарға сенемін” өлеңін оқып берді.Мектепте “ақпарат тақтасы” безендірілді.Мақсаты: Оқушыларды лицей тарихымен етене таныстыру, осыған дейін жеткен жетістіктерін үлгі тұту арқылы алдарына мақсат қоя білуге дәріптеу.