«Мұғалімі қандай болса, мектебі де сондай болмақ», - деп Аxмет Байтұрсынұлы айтқандай, лицейіміздің жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңінде жоғары нәтиже көрсетуі, біздің білікті де білімді ұстаздарымыздың арқасы. Байқаудың жеңімпаздарын дайындағаны үшін «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ грамотасымен Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінің директоры Касимова Р.Е. ғылыми жетекшілерді марапаттады. Марапатталған ұстаздар: Тарих пәні мұғалімдері: Канафина Б.Н., Целуйко Н.Ф., География пәні мұғалімі: Жамулдинова Ж.И., Математика пәні мұғалімі: Анохина А.Л., Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Конопьянова Г.Г., Өзін-өзі тану пәні мұғалімі: Чернова Е.Н. "Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз баласына талмас қайрат сыйлайды" демекші әр кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі бола білетін барша ұстаздарымызды мақтан тұтамыз!