Меню KDT

Новости

Главная Новости

Тәуелсіздік

М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне байланысты өткізілген іс-шаралар: 14.12. Фойе теледидарында «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында презентация  көрсетілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сынып сағаттары 0-11 сыныптар арасында өткізілген болатын. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған Lego Eating көрмесі  оқушылар назарына ұсынылды. Жауаптылар: Ақпарат фракциясы және Сынып жетекшілері.

15.12. Фойе теледидарында «Қазақстаның табиғаты» тақырыбында презентация оқушылар назарына ұсынылды. «Жас Қыран», «Жас Ұлан» қатарына қабылдау рәсімі – салтанатты іс-шара өткізілді Жас Қыран қатарына 27 оқушы қабылданды. «Жас Ұлан» оқушылар ұйымы қатарына 21оқушы қабылданды. Оқушыларды салтанатты түрден Ант беріліп, Әнұран шырқалып оқушылар«Жас Қыран», «Жас Ұлан»  қатарына  алынды. Жауапты: Ақпарат фракциясы,Директордың ОТЖ орынбасарлары, Аға тәлімгер.





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено