«№2 Новоишим орта мектебі» КММ 6-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Балаларды вакцинациялау бойынша түсіндіру» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ эпидемиолог дәрігері А. М. Жаксыбаева
ОАА инфекционист дәрігері-Сыздыкова К. Б.
АББ басшысы-Карабаева Э. М.
Новоишим ДА учаскелік педиатр дәрігері А. М. Мухамедиева шақырылды.
Жиналыс барысында ата-аналарды жасөспірімдерді вакцинациялау ережелерімен таныстырып, «Комирнати» вакцинасы туралы айтып, ата-аналардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Мектеп директоры Кенжебеков А.Б. ата-аналар чаттарында «Балаларды вакцинациялау бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар» және «Балаларды вакцинациялау бойынша түсініктемелер» жадынамалар мен презентациялар орналастырылғанын айтты.
Егер сұрақтар туындайтын болса, әрқашан келесі
телефон нөмірлері бойынша 23-8-19, 23-5-14, мектепке қоңырау шала алады.