"Мен болашақ оқырманмын"
2022 жылдың 21 қаңтарында «№ 2 Новоишим орта мектебі» КММ кітапханашылары
1-сынып оқушыларына арналған "Мен болашақ оқырманмын"атты тақырыпта кітапханамен таныстыру өткізді. Балаларға "оқырман жадынамасы" табыс етілді, онда олар №2 Новоишим орта мектебінің жас оқырмандары екендігі, кітаптарды қорғауға және жақсы көруге, оларды күнделікті оқуға және осы атақты мақтанышпен алып жүруге міндеттілігі расталады.
Мақсаты:
- Кітапханамен таныса отырып, оқушыларғабілімнің кітап арқылы берілетінің ұғындыру.
- Кітаптың адам өміріндегі маңызы, кітапхананың білім мен өнер ордасы екендігі жайлы түсіндіру.Ойлау қабілетін дамыту.
- Кітап пайдалану ережелерімен танысу.
Кітап – атадан қалған асыл мұра, көненің көзі, ескінің сөзі. Кітап әлемі – кітапхана. Кітапхана сөзі грек тілінен алынған, кітаптар тұрағы деген мағынаны білдіреді, Кітапханада «Оқу залы», «Абонемент залы», «Оқырман формуляры» деген ұғымдар бар. Кітап – ел мен жерді сүю, талапты кішіпейіл болуға, төзімділікке баулиды.
Кітап оқу ережесі:
- Кітапты күнделікті үзбей оқы, оқуға уақыт бөлуді жоспарла.
- Кітапты қалай болса солай оқыма, жоспар бойынша оқуға дағдылан.
- Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма.
- Кітапты оқығанда ойға сақтауға, керекті сөздерді жазып алып өмірде пайдалануға әдеттен
Кітап пайдалану ережесі:
- Кітапты тек таза қолымен алуға болады.
- Беттерін қатты басуға болмайды, одан кітап парағы түсіп қалады.
- Кітаптың арасына дәптер, қалам салуға болмайды, одан мұқаба бүлінеді.Парақты бүктеме, кітап баулығын пайдалан.
- Кітап бетің қалам немесе қарандашпен сызуға болмайды.