Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Дебат»

2022 жылдың 14-ақпанында №2 Новоишим орта мектебімізде 8 «А» сыныптың қазақ әдебиеті cабағында оқушылар арасында «Дебат» (Америкалық Парламенттік Форматта) ойыны өтті.

Америкалық Парламенттік Форматта (АПФ)-бұл парламенттік тұрпаттағы дәйектердің, тапқырлықтың және риторикалық қасиеттердің сайысы.

Дебат мақсаты: Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу; Тіл үйренушінің сөйлеу дағдысын қалыптастыру; Өз көзқарасын айтуға машықтандыру;

8-сыныптың қазақ әдебиеті бағдарламасы бойынша «Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығынан сабақ алу керек» атты тақырыпта таңдалды. Дебатқа 8 «А» сынып оқушылары қатысты. Әрқайсысы екі ойыншыдан тұратын екі команда-Үкімет пен Оппозиция қаралуға ұсынылған қарарды талқылайды.

Дебат ойын өте қызықты да, тартымды өтті. Үкімет пен Оппозиция спикерлері өз дәлелдемелерін және сұрақтарын алдын-ала дайындап, өз пікірлерін қорғауға тырысты.

Дебат ойынының соңында әділқазылар (сынып оқушылары) топтардың жұмысын бағалап, тиісті ұпайларың шығарып, дәлелдермен сөйледі. Қорытынды сөз кезегін тәрбие ісінің меңгерушісі: Абуова Махаббат Қуанышқызы «Үкімет» тобы мен «Оппозиция» тобы шағын (дәптерлер мен кітаптар) сыйлықтар тапсырылды.

Сондай-ақ, 8 «А» сынып оқушылары мен пән мұғалімі: Калиева Жанар Кенжебайқызына алғысымызды білдіреміз,-деп аяқталды.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено