«Информатика сабағының үздік әдістемелік әзірлемесі» атты облыстық байқауы
Құрметті әріптестер!
Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы «Информатика сабағының үздік әдістемелік әзірлемесі» атты облыстық байқауына қатысуға шақырады.
Байқауға қалалық және аудандық білім бөлімдерінің информатика пәні мұғалімдері қатыса алады.
Қатысуға өтінімдер мен материалдарды бірыңғай архивталған электрондық түрде 2022 жылғы 17 наурыздан кешіктірмей мына электрондық мекенжай бойынша: kussain_22@mail.ru қабылданады.
Қазылар алқасы номинациялар бойынша үздіктерді анықтайды:
− «Үздік сабақ-конспект»;
− «Үздік авторлық әзірлеме»;
− «Сандық білім беру ресурстарын қолданумен үздік сабақ».