Меню KDT

Новости

Главная Новости

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 33 жылдығы

17-ақпан күні «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-сінде 10-11-сынып оқушыларға арналған ақпарат сабақ өтті. АӘДТ оқытушы - ұйымдастырушысы: Еслямов Р асул Ерланұлы «Ауған соғысы-Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1979 жылы 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді»,-деп айтып кетті.

Сабақтың мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру, жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу, тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақта, С. М. Акимбековтың «История Афганистана», екі томдық «О павших в Афганистане», «Память из пламени Афганистана» атты үш томдық ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің сұхбаттарымен танысып, талдау жұмыстарың жүргізді.

Әрі қарай, күні кеше өмірден озған ауған майданында «Қара майор» атанған полковник Борис Керимбаевтың «Капчагайский батальон» атты деректі фильмі көрсетілді.Ақпарат сабақ өткізілді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено