Меню KDT

Новости

Главная Новости

"Сүйікті ертегілер мен мультфильмдер беттерінен"

2022 жылдың 17 ақпанында "№2 Новоишим орта мектебі" КММ кітапханашылары

2022 жылы-Қазақстандағы бала жылына арналған 3 сынып оқушылары арасында "Сүйікті ертегілер мен мультфильмдер беттерінен" атты библио - квиз сайысын өткізді.

Мақсаты:

- Балалардың ертегілер мен мультфильмдер туралы білімдерін қорытындылау;

- оқуға деген қызығушылықты, ауызша халық шығармашылығына деген сүйіспеншілікті, командада жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Әр адам ерте жастан бастап ақылды, ізденімпаз, тез ойлы, жан-жақты дамыған болуға ұмтылады. Біз бәріміз қызықты әңгімелесуші болғымыз келеді және көп нәрсені білгіміз келеді. Біздің ең алғашқы шығармаларымыз-ертегілер. Ерте балалық шақта біз ертегілерімен танысамыз. Мектепке келгенде біз әдеби ертегілер мен халық ауыз әдебиетін зерттейміз. Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі,

Хайуанаттар туралы ертегілер — ертегінің көне замандағы мифтер мен әр түрлі тұрмыстық, аңшылық әңгімелердің негізінде пайда болып, кейінгі замандардағы адамдар мінезін, олардың өзара қатынасы мен байланысын аллегориялық түрде жан - жануарлар бейнесі арқылы тұспалдап көрсететін түрі.

Қиял – ғажайып ертегілер - табиғат сырларын білсек деп халық қиялы мен

арман - тілегінен туындаған ертегі түрі

Тұрмыс - салт ертегілерінің оқиғасы ертегінің басты кейіпкері қарапайым адамның өмірін, ісін, тұрмыс - тіршілігін, таптық, қоғамдық жайларын, әлеуметтік көзқарасын суреттеуге қүрылады.

Байқау қорытындысы бойынша қазақ тілінде оқитын 3 сынып оқушылары арасында 1 орынды "Алғырлар" командасы және 2 орынды "Тапқырлар" командасы иеленді.

Сонымен қатар орыс тілінде оқитын 3 сынып оқушылары арасында 1 орынды «Сказки» және 2 орынды «Читатели» командасы алды. Құттықтаймыз!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено