Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы Ұлттық бірегейлікті сақтау идеясын жүзеге асыру шеңберінде  Петропавл қаласындағы Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы жалпы білім беру ұйымдарының  9-11- сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен республика көлемінде өткізілетін  ІІІ «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңі 2022 жылдың 10 ақпанда  онлайн режимде өткізілді.

                Ережеге сәйкес   олимпиада 2 айналымнан тұрды:

1-            айналым  - Абай қарасөздері мен поэзиясы негізінде эссе жазу

2-            айналым – Абай өмірі мен шығармашылығы жайлы, М. Әуезовтің  «Абай жолы » романынан алынған үзіндінің мазмұнын жалғастыру, роман мазмұнына қатысты «сократтық» сұрақтар арқылы жалпы білімін, логикалық ойлау деңгейін тексеру; Абай өлеңдеріне теориялық, эстетикалық талдау; Абай іліміне оқушы көзқарасы; Абайтанушылар арқылы баланың ізденісін, берілген сөйлемге кешенді талдау жасау арқылы грамматикалық сауатын тексеру.

Олимпиаданың облыстық кезеңіне біздің мектептің 9- сынып оқушысы Әлісқұлова Әсия қатысып  бірінші айналым бойынша 3 орынға иеленді, мұғалімі Жахина Мәншүк Мырзагелдіқызы, және 10- сынып оқушысы Калишева Аяжан екі айналымға қатысып сертификатқа ие болды, мұғалімі Жолдаспаева Гульмира Мұхтарқызы.  



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено