17 наурыз күні интернат тәрбиеленушілері Наурыз мейрамын атап өтті. Кеш барысында "Тұсау кесер", "Беташар", "Балаға аты қою", "Саумалық", Шашу" салттары көрсетілді. Ұлттық ойындар ойналды. Балтабай Аяулым "Наурыз" биін биледі, Нұралы Нұркелді "Мен қазақпын" атты әнің орындаса, Санай Аружан мен Құрман Камила "Наурыз көктем" әнің ортаға салды. Кішкентай ұлдарымыз ",Адай" биін биледі. Мерекелік кеш өте тартымды өтті.