Меню KDT

Новости

Главная Новости

"Менің сүйікті ақыным"

2022 жылдың 17 наурызында "№2 Новоишим орта мектебі" КММ кітапханашылары 8-11 сынып оқушылары арасында"Оқитын мектеп" жобасы аясында "Менің сүйікті ақыным" атты мәнерлеп оқу сайысын өткізіді.

Сайыс қорытындысы бойынша:

1 орынды 8 «В» сынып оқушысы Исаканова Наргиза, 9 «В» сынып оқушысы Короленко Виолетта, 10 «А» сынып оқушысы Негмеджан Жазира, 10 «Б» сынып оқушысы Подольский Александр иеленді;

2 орынды 11 «А» сынып оқушысы Баяхметова Жанар иеленді;

3 орынды Сейтқасым Гүлназ, Қойшыбай Еркежан, Бейсембаева Зерде, Жақсылық Әмір – 8 «А» сынып оқушылары, Жуанышева Томирис – 8 «В» сынып оқушысы, Ескенова Аружан – 9 «А» сынып оқушысы иеленді. Құттықтаймыз!

Тамаша өлең таңдайға татып балдай,

Өз тілінде жыр оқу бақыт қандай

Жан дүниең жарқырап сала берер,

Ағарып келе жатқан атып таңдай- деп ақындар жырлағандай өлең-жырларға құлақ астық. Барлық қатысушыларға үлкен рахмет! Алда сіздерді жаңа байқаулар, жаңа жарыстар, жаңа жеңістер күтіп тұр! Барлықтарыңызға сәттілік!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено