Меню KDT

Новости

Главная Новости

Экскурсия

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Прагматизм білімге табыну, бәсекеге қабілеттілік, сананың ашықтығы» бағыты, «Еңбек елдің мұраты»арнайы жобасы

2022 жылғы 7 сәуірде №2 Новоишим орта мектебі» КММ 8,10 сынып оқушылары үшін «Болашақ-бұл сен!» кәсіптік бағдар бойынша айлық іс-шаралар жоспарына сәйкес «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ЖТ Ақмола бөлімшесі» «Жаңа-Есіл локомотив пайдалану депосына» экскурсия ұйымдастырылды. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік сектор басшысы К.А. Мухтарова оқушыларды осы кәсіпорынның жұмысымен таныстырды.Өз сөзін ұйым туралы бастады, бұл біздің станциямыздағы әртүрлі мамандықтағы адамдар жұмыс істейтін ең көне теміржол ұйымы екенін атап өтті.

Локомотив депосы 1960 жылы Оңтүстік-Орал темір жолының Пески-Целинные депосы негізінде ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта депода 260 адам жұмыс істейді: 89 машинист, 69 көмекші , 17 слесарь және 85 ИТР ӘБ қызметкерлері.

Оқушылар үшін 7 станция бойынша нағыз саяхат дайындалды:

1 «Танысу» станциясы

2 «Нұсқаулық бөлмесі» станциясы

3 «Тех. Класс» станциясы

4 «ПТОЛ цехы»станциясы

5 «Локомотив» станциясы

6 «Қызметтік өту жолдары» станциясы

7 «Жолдың бастапқы жүруі» станциясы

Карина Мухтарова оқушыларға депода жұмыс қалай жүргізілетінін, л/б келуге (жұмысқа ) қалай шақырылатынын, ПТОЛ цехына локомотивтің қалай әкелінетінін, электровоздың өзімен таныстыра отырып, электровозбен жөндеу жұмыстары қалай жүргізілетінін айтып, оқушыларға өздерін электровоз машинисі ретінде сезінуге мүмкіндік берді, сигнал белгілерін көрсетті және теміржол және теміржол өткелдері бойынша қауіпсіз өтумен таныстырды. Экскурсия соңында балалар өз әсерлерімен бөлісті-барлығы бір дауыстан жауап берді.

«Өте ұнады!»

«№2 Новоишим орта мектебі» КММ әкімшілігі «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ЖТ Ақмола бөлімшесі» «Жаңа-Есіл локомотив пайдалану депосы» басшылығына,сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік сектор басшысы К.А. Мухтароваға біздің оқушылар үшін ұйымдастырылған экскурсия үшін алғыс білдіреді.

https://www.facebook.com/100014571884730/videos/pcb.1314908192338231/667803107788134



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено