2022 жылдың 4-8 сәуір аралығында "№2 Новоишим орта мектебі" КММ кітапханашылары Дүниежүзілік кітап сыйлау күні аясында 1-11 сынып оқушылары үшін "Кітапты махаббатпен сыйла" акциясын өткізді.
Акцияның мақсаты – халықтың рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайту және білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, жастардың кітап оқуы үшін оларды кітапханаға тарту.
«Кітап – ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына» деп бекер айтпаған. Кітап оқу – адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқаратынын, кітап оқу мен кітапханаларды қолдау – қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі.
«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл Абай Құнанбаев айтып кеткендей, түйсігі бар әрбір адам үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғамыз. Осы орайда, мектеп кітапханашылары «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапты махаббатпен сыйла!» атты акциясы болып өтті.
Сонымен қатар, кітапхана қорын түрлі әдебиеттермен толықтыру, балаларды оқуға тарту мақсатында ұйымдастырылған акцияға аталмыш білім ордасының ұстаздары мен оқушылары көптеген құнды кітаптарды қорға тарту етті. Акцияға атсалысқан қатысушыларға алғысымызды білдіреміз.
«Кітапханаға кітап сыйла!»акциясы аяқталды, бірақ... әрқайсыңыздың үй кітапханасында керемет, бірақ сіз оқыған кітаптар бар. Кітапхана кез-келген уақытта пайдалы басылымдарды қуана қабылдайды, олар өздерін қуана оқитын риза оқырмандарды табады.