Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Абай - лирик ақын»

2022 жылы 21 сәуір айында №2 Новоишим орта мектебінде «Жаңашыл» шығармашылық тобы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің пән апталығының жоспарына сай қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Махметова А.Н. 6 «Б» сынып оқушыларына «Абай - лирик ақын» тақырыбында ашық сабақ берді. Сабақтың мақсаты: орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау; мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян жазу болды. Сабақта мұғалім оқулық , үлгілер, көптеген жаңа әдістер, жаңа технологиялар.кестелер, оқытудың интерактивтік тақтаны қолдана отырып, өтілген материалдың терең де мықты ұғынылуына қол жеткізді, оқушылардың ой-санасын оятып, ынталандырып, оларды өз беттерімен жұмыс істеуге үйретуіне ерекше көңіл бөлді. Сабақта сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық комуникациялық технология лардың элементтері қолданылады. Сабақ негізгі 6 кезеңнен тұрады. Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. Жоспарлап келген жұмыс түрлері толығымен іске асты. Мұғалім сабаққа қойған мақсатына толық жетті.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено