«Құрсақ шашу» кішігірім той-думан ретінде аталып өтеді. Мақсаты: қуанышты атап өту және жүкті әйелдің күтіміне баса назар аудару. «Құрсақ шашудың» тамыры тереңде жатыр. Қазақ халқының танымал эпостарының бірі «Алпамыс батырда» осы дәстүрдің сол кездегі қоғамда пайда болғандығы туралы айтылған. Ағымдағы жылдың 1 мамыр – Қазақстан халықтарының Бірлігі күні «Бірлік» этно-мәдени бірлестігі аудандық мерекелік іс-шарада «Құрсақ шашу» салт-дәстүрін көрсетті.