13 мамыр күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханашы Б.А.Мамбеталинованың жетекшілігімен 8-10 сынып оқушылар арасында «Менің сүйікті ақыным» атты көркемсөз сайысы ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, дауысты өлеңнің ой - мазмұнына сай баяу, жігерлі оқу немесе тілек, сұрақ, көңіл- күйді көтеріңкі үнде оқи білу машықтарын байқау, бағалау. Балалардың дүниетанымын дамыту, өлең сөзге деген қызығушылықтарын арттыру. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.