Меню KDT

Новости

Главная Новости

"Балалар жылы-2022"

"Балалар жылы-2022", Халықаралық Балалар Қорғау күні аясында " Жастар" стадионында  Новоишим  қазақ орта мектебінің ұжымымен  оқушыларға арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс- шара  флешмоб -  жаттығудан басталды.Содан кейін жиылған оқушылар 4 бекеттерге бөлінді. Әр бекеттегі оқушы 4 түрлі қызықты  ойындарға қатысып, өз  мүмкіндіктерін көрсете білді. Сонымен қатар "Әке, шеше және мен" отбасылық жарыста мектебіміздің 1 ә сынып оқушысы Иманали Амантаевтің   отбасы, " Барыс" командасы 1 жүлделі орынды иеленді. " Қызылжар" шағын орталығының тәрбиеленушісі Алтаева Айым, тәрбиеші Нурман А.С жетекшілігімен " Әнші балапан" байқауына қатысып, мадақтамен марапатталды.Сонымен қатар  қыздар үшін кішкентай ханшайымдарға арналған салон ұйымдастырылды, онда салон шеберлері қыздарға сәнді шаш үлгілерін, сондай-ақ мерекелік бет бояуын үлкен ықыласпен ұсынды.Іс- шара Попурри биімен аяқталып , барлық қатысқан оқушылар тәтті сыйлықтарға ие болды.    


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено