7 маусым 2022 жылы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де жазғы лагерь аясында балалар күнді серпімді әуен ырғағымен "Жаттығу жасауды ұмытпа" тақырыбында таңертеңгі жаттығулар жасап бастады. Сонымен қатар қоршаған ортаны сүю ,табиғатты қорғау, өсімдіктер мен жануарларды күте білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында "Табиғатты қорғайық" тақырыбында сурет салып, "Эстафеталық жалау" ойындарын ойнады.