Балалар жылы, Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында «№2 Новоишим орта мектебі» КММ оқушылары Шендерук Илья мен Байдалин Кайрхан Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешеніндегі киелі орындарға және «Ботай» мұражай-қорығына барып қайтты. Экскурсияны «Нежинка Ерке» ЖШС директоры Батырова Диана Муратовна және «AMANAT» « партиясы аумақтық филиалының атқарушы хатшысы Сапанов Берик Айсинович, сондай-ақ В. Ф. Потанин (Ресей) атындағы Қорған облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының өкілі қолдауымен аудандық балалар кітапханасы ұйымдастырды.