Меню KDT

Новости

Главная Новости

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

«Червонный орта мектебі» КММ «Жұлдыз» мектеп жанындағы лагерьде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Мемлекеттік рәміздер – ерлігім» күні өтті. Басты мақсат – өскелең ұрпаққа Қазақстан Республикасының рәміздерінің мәнін ұғындыру. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – тәуелсіздік рәміздерін кеңінен насихаттау.
Шағын орталықта «Бұл – еліміздің рәміздері» атты сабақ ұйымдастырылды.
Мектеп жанындағы лагерьде күн Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін мерекелеуге арналған салтанатты саппен (20 оқушы) басталды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы бейнеролик көрсетіліп, «Сен Қазақстан Республикасының рәміздерін білесің бе?» викторинасы өткізілді.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено