Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Мектепке жол» акциясы

2022-2023 оқу жылының қарсаңында «Мектепке жол» республикалық акциясының өткізілуі дәстүрге айналып келеді. Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында «Мектепке жол» акциясы жалғасуда.
Бұл шараның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету, әртүрлі әлеуметтік себептерге байланысты мектепке бара алмай қалуының алдын-алу жаппай білім берумен қамтылмай қалған балаларды анықтап, қолдау көрсету.
«Шекарасыз жақсылық - Мектепке жол» ұранымен өткізіледі. Акция барысында жыл сайынғы акцияға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, ірі кәсіпорындарды, демеушілерді, меценаттар және жеке кәсіпкерлерді балаларға кеңсе тауарлар, спорттық киім, мектеп формасы, аяқ киім, рюкзактар және т.б түрінде көмек көрсетуді сұраймыз.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено