Меню KDT

Новости

Главная Новости

Қазақстан халқы Тілдер күні

Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына.
2022 жылдың 5 қыркүйек күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Қазақстан халқы Тілдер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Гуманитарлық бағытының әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Дүйсенбин Е.Б. мектеп оқушыларын «Тіл - татулық тірегі» ұранымен өтетін іс-шара жоспарымен таныстырып, белсенді қатысуға шақырды. Мақсаты: оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Оқушыларды үштілділікке үйрету барысында жан-жақты көзқарасын дамыту.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено