Меню KDT

Новости

Главная Новости

Көрме

2022 жылдың 20 қыркүйегінде «№2 Новоишим орта мектебі» КММ кітапханашылары Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған көрмені 1-11 сынып оқушыларына ұсынды.

Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым, Ыбырай Алтынсариннен кейінгі еңбегі ерекше ағартушы-педагог, сөз құдіретін танытқан тамаша ақын, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет және ірі қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынов болатын. Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы ) —Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

Ол - ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, фольклорист, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым…

Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол бас әріппен жазылған ҰСТАЗ, ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено