Республикалық Балалар оқулары байқауы
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Балалар жылы» аясында Республикалық балалар оқулары байқауын өткізуде.
Жобаның басты мақсаты – жас буынның кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін терең зерттеуге шақыру, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру. 3-10 сыныптар оқушылары өзара сайысқа түсуде. Оқушылар сыныбына қарай 4 топқа топтастырылып, әр топ берілген 2 кітап бойынша тапсырмалар орындайды.
Новоишим қазақ орта мектебінің оқушылары белсенділік танытып қатысты. 3 – сынып оқушысы Абай Дильназ, 4- сынып оқушысы Хатран Інжу-Маржан, 6 – сынып оқушылары Шарбек Аяулым, Ергеш Кәусар, 7- сынып Мырзагелді Аяжан, 8- сынып Жүзбай Азат. Аудандық кезенде жүлделі орынға ие болған оқушылар: Хатран Інжу-Маржан 2-орын мұғалімі Ильясова Меруерт Ерсаиновна, Шарбек Аяулым 1 -орын мұғалімі Ам.М., Ергеш Кәусар 2-орын мұғалімі Баумаганбетова Замзагуль Қойлыбаевна, Мырзагелді Аяжан 2 орын мұғалімі Жолдаспаева Гульмира Мухтаровна, Жүзбай Азат 3- орын мұғалімі Амангельдиева А.М. Облыстық кезеңге жолдама алып, өз бағын Шарбек Аяулым сынап келді. Республикалық Балалар оқулары байқауының 5-6 сынып оқушылары арасындағы облыстық ІІ кезеңіне белсене қатысқаны үшін марапатталды.