Оқыту және тәрбиелеу үдерісінде сараланған тиімді әдістер мен тәсілдер
20.10.2022 ж. Қазақстан Республикасы күніне орай Мамлют санаторлық орта мектеп–интернатында «Оқыту және тәрбиелеу үдерісінде сараланған тиімді әдістер мен тәсілдер» атты облыстық семинар өтті.
Семинарға СҚО бойынша әр ауданнан келген жас мамандар қатысып, заманауи оқыту үрдісіндегі ашық сабақтар мен коучингтер, тәрбиелік іс-шаралармен тәжірибе алмасты. Спикерлер оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күнделікті тәжірибеде тиімді жұмыс әдістерімен бөлісті.
Балалар жылы аясында оқу-тәрбие үдерісінде оқушылар белсенді қатысып, өздерінің шығармашылық қырынан да көрсете білді.