Байқауға аудандық іріктеу кезеңінен өткен 42 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің..», «Қатты – құттыға өтпейді қайран тісім» номинациялары бойынша екі ГРАН-ПРИ және І, ІІ, ІІІ жүлделі орындар тағайындалды. Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.