Меню KDT

Новости

Главная Новости

IQanat олимпиадасының І кезеңі

Ғабит Мүсірепов ауданы бойынша IQanat олимпиадасының І кезеңі 2022 жылдың 8 қараша күні Новоишим қазақ орта мектебінде өтті.

     IQanat олимпиадасы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы бұйрығымен ҚР БҒМ Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының ,кәсіби шеберлік конкурсатарының және спорттық жарыстардың тізбегіне енген.

     Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық, танымдық, зияткерлік қызметті жандандыру, функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру, тікелей қарым-қатынас пен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру арқылы ауыл оқушыларының қабілеттерін анықтау, қолдау, дамыту.

     І кезеңге ауыл мектептерінің 8 сынып оқитын 218 оқушысы қатысты. Олимпиаданың ашылу салтанатында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша координатор Есенеева Айсулу Бекеновна және "IQanat HSB" мектебінің 11 сынып оқушысы Каримов Канат оқушыларға мотивациялық тренинг өткізді. Сонымен қатар ауданымыздың әр мектебіндегі Айканат еріктілері жиналып оқушылармен олимпиада барысында ұйымдастырушылық жұмыстарын жүргізді. Әрбір оқушыға естелік IQanat білезігі мен "Stiсker pack" берілді. Олимпиада ұзақтығы 60 минут болды. Олимпиадаға қатысқан әрбір оқушыға жеңіс пен сәттілік тілейміз!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено