Новоишим қазақ орта мектебінде 2022 жылдың 8 - 9 қараша аралығында әлеуметтік ұстаздар А.Қ.Алгожина және А.Н.Байбулатованың ұйымдастыруымен 5 - 6–сынып оқушыларына «Зиянды заттардың ағзаға тигізетін әсері» туралы дәріс беріліп, слайд және бейнероликтер көрсетілді. Мақсаты: Оқушыларға зиянды заттардың адам ағзасына тигізетін әсері туралы түсіндіру. Жалпы 63 оқушы қамтылды.