4 қараша 2022 жылы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де жоспарға сай оқушылардың күзгі демалысын ұйымдастыру мақсатында 0-4 сыныптар арасында "Отбасылық шеберхана" атты онлайн қолөнер көрмесі өткізілді. Мақсаты: отбасылық қарым-қатынасты нығайту, шығармашылыққа, әдемілікке баулу.