Меню KDT

Новости

Главная Новости

көрме

2022 жылдың 15 қарашасында "№2 Новоишим орта мектебі " КММ кітапханашысы Ғабит Мүсрепов шығармашылығы мен өмірін өскелең жас ұрпақ арасында насихаттау мақсатында көрнекті қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, аудармашы, сыншы және драматург Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтың 120 жылдығына орай , 1-11 сынып оқушыларына көрмені ұсынды.

Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов (22 наурыз 1902 жыл — 31 желтоқсан 1985 жыл) — қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері.

Қазақ КСР ҒА академигі (1985), Социалистік Еңбек Ері (1974), Қазақстан халық жазушысы.

Қазақстан жазушылары Одағының төрағасы (1961), КСРО Жазушылар Одағының хатшысы, КСРО Жоғары Кеңесінің 5-шақырылымындағы және ҚазақКСР Жоғары Кеңес депутаты.

Ғабит Мүсірепов бүгінгі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаңажол ауылында дүниеге келген. Орта жүздің керей тайпасының Сибан руынан шыққан.

Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат танып, жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіреді.

Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер-ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено