"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Қазақстанның ұлттық валютасы күніне орай 2022 жылдың 15 қараша күні сынып жетекші Г.Т.Киражованың жетекшілігімен 6 "А" сыныбында тәрбие сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты – Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат алу. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек танысу. Жалпы осы күні барлық сыныптарда аталмыш тақырыпта тәрбие сағаттары өткізілді.