жаңғыру бағдарламасының "Еңбек- елдің мұраты" арнайы жобасын іске асыру мақсатында, кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 2022 жылдың 21 желтоқсан күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ- де 10-11 сынып ер балаларымен ҚР ҰҚК ШДҚ подполковнигі Балаганов Бакытбек Дулатович кездесу өткізді. Кездесу барысында балаларға Алматы қаласы, РФ, Түркия мемлекетінде оқытылатын әскери жоғары оқу орындары және оларға түсу шарттары туралы ақпарат берілді.