Меню KDT

Новости

Главная Новости

Лев Николаевич Толстойдың туғанына 140 жыл толуына арналған көрме

2023 жылдың 11 қаңтарында «№2 Новоишим орта мектебі» КММ кітапханашылары Лев Николаевич Толстойдың туғанына 140 жылдығына арналған көрмені 1-11 сынып оқушыларына ұсынды.

Лев Николаевич Толстой 1828 жылы 9 қыркүйекте Ресейдің Тула облысындағы Крапивенск уезінде дүниеге келген. Лев бала кезінен намысқой және мақсаткер болып өседі. Ол өз қоғамының алдыңғы қатарында жүруді қалайды, бірақ оның табиғи ұялшақтығы кедергі жасайтын. Болашақ жазушы Қазан университетінің әуелі шығыстану, кейін заң факультеттерінде оқыған. Ол ағылшын, француз, неміс тілдерін еркін меңгеріп, чех, поляк, серб, итальян, грек, латын, украин, татар тілдерін білген, қосымша ежелгі еврей, түрік, голланд, болгар тілдерін білген. Ұлы ойшылдың ғұмыры қиындықтарға толы болды.

«Кешегі күннің тарихы», «Помещиктің таңғы тірлігі» әңгімелерінің, «Балалық», «Ересектік», «Севастополь әңгімелері» автобиографиялық трилогияның, «Казактар», «Альберт», «Тәубаға келу», «Мен дінге қалай сенемін?», «Иван Ильичтің өлімі», «Крейцер сонатасы», «Пері», «Қажымұрат», «Жалған қағаз», «Балдан кейін» повестерінің, «Отбасы бақыты», «Орыс помещигінің таңғы тірлігі», «Арылу» романдарының, «Соғыс және бейбітшілік», «Мың сегіз жүз бесінші жыл» роман-эпопеяларының, «Әліппе», «Жаңа әліппе» еңбектерінің, «Анна Каренина» психологиялық романының, «Қараңғылықтың өкімі», «Тірі өлік» драмасының, «Тәрбие жемістері» комедиясының авторы.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено