Меню KDT

Новости

Главная Новости

Ауған соғысының аяқталуына 34 жыл толуына орай айтулы күнді атап өту

Сырымбет орта мектебінде орта буын оқушыларымен Кеңес әскерлерін Ауғаныстаннан шығар күріне арналған патриоттық сағат өткізілді. Мақсаты: Ауған соғысының аяқталуына 34 жыл толуына орай айтулы күнді атап өту; Тарихи оқиға туралы толық мәлімет беру; Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу; Іс- шара барысында АӘТД пәнінің мұғалімі Рыспаев Б. М. оқушыларды Ауған соғысының тарихымен таныстырды. Мектебіміздің зейнеткер ұстазы Тулеуова А. К. Сырымбет елінен өз әскери борышын өтеп, батылдық танытып, соғысқа қатысқан Бекенов Болатбек, Дюсенбинов Серік, Абулгазин Талғат, Химич Анатолий, Байманов Қайрат, Құсайнов Амангелді сынды жауынгерлер туралы тың ақпараттар айтып, ой бөлісті. Іс- шарадан оқушылар пайдалы мәліметтер алып, патриоттық сезімге бөленді.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено