Меню KDT

Новости

Главная Новости

1 " Г " сыныпта ашық сабақ

2023 жылғы 20 ақпанда «№ 2 Новоишим орта мектебі» КММ бастауыш сыныптар апталығы аясында Шремзер Э.В. жаратылыстану пәні бойынша 1 «Г» сыныбында ашық сабақ өткізді.Балалар сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын жұмбақ шеше отырып,өздері анықтады.

Сабақта оқушылар ұжымдық, топтық, жұптық және өз бетінше жұмыс істеді.

Ұжымдық түрде оқушылар «Маусым бойынша киіну» ойынын ойнады. Топтық жұмыс-1-топ: Сендер қандай сағаттарды көргендеріңді айтып беріңдерші. 2-топ: Ежелгі сағаттар. Олар туралы не білесіңдер? 3-топ: Сағат қайда керек? 4-топ: Сағат не үшін керек?

Балалар жұп- жұбымен апта күндерінің басқатырғышын құрды. Өзіндік жұмыстар орындады:

1.Жыл мезгілдерін атап, оларды дұрыс ретпен орналастыру.

2.Қандай сурет жылдың қай мезгіліне жататынын анықтау. Артық суретті табу.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено