Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Мен кім?» ойын-сайыс

«Шығармашылық. Құзіреттілік. Бастама» жас мұғалімдер апталығының жоспары бойынша

2023 жылдың 19 қаңтарында « №2 Новоишим орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Калиева Жанар Кенжебаевна мектептің жас мұғалімдері мен болашақта мұғалім мамандығын таңдағысы келетін 11 «А» сынып түлектері арасында «Мен кім?» ойын-сайыс өткізді. Ойын бірнеше айналымнан тұрды: 1 кезең – Таныстыру, 2 кезең – «Мен кім?». - өмірбаян бойынша жазушыны анықтау, 3- кезең «Педагогикалық жағдаяттар», 4- кезең «Әмбебап ұстаз» - берілген заттардан екінші топқа сыйлық жасау. Екі команда да белсенділік танытты, шығармашылық тапсырмаларға шығармашылықпен қарады, тапқырлық пен ынтымақтастық көрсетті. Іс-шара жоғары әдістемелік деңгейде өтті.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено