2023 жылғы 6 қаңтарда "Рузаевка орта мектебі" КММ-нде ата-аналар қауымы алдында жалпы мектептік қоғамдық тыңдаулар өтті.
2023 жылғы 6 қаңтарда "Рузаевка орта мектебі" КММ-нде ата-аналар қауымы алдында жалпы мектептік қоғамдық тыңдаулар өтті.
Қоғамдық тыңдау барысында: директордың ОІ жөніндегі орынбасары Винник М. А. "2-тоқсанның қорытындысы бойынша ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасы"; логопед Ю.Д.Мельничук "Білім беру мекемесіндегі логопедтің қызметі"; педагог-психолог О.Н.Жантасова "Білім беру мекемесіндегі психологтың қызметі"; мектептің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі О.Н.Трайбер "Бірінші жартыжылдықта бюджеттен тыс қаражатты жұмсау туралы" сөз сөйледі.
Қоғамдық тыңдаулар жалпы білім беру мекемесінің оқу-тәрбие процесінің нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді.