Меню KDT

Новости

Главная Новости

Ашық есік күні

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2023 жылдың 20 наурызында «№2 Новоишим орта мектебі» КММ профориентаторы Шериязданова А.А. 9-сынып оқушыларымен СҚО, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжіндегі ашық есік күніне қатысты .

Колледж өкілдері оқушыларды жылы қарсы алып, оқу корпустарымен, жатаханамен таныстырды. Аспазшылар бөлімінде оқитын оқушылар бірнеше тамақ түрін істеп, оқушыларға тарту етті. Тракторлардың бірнеше түріне мініп, жүріп көруге мүмкіншіліктері болды. Сонымен қатар концерттік нөмірлерімен де таңғалдыра білді. Киіз үй төрінде дастархан жайылып, оқушыларға ас тарту етілді.

Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжіндегі ашық есік күні өте жақсы деңгейде өтті. Оқушылар керемет көңіл-күймен оралды.

«№2 Новоишим орта мектебі» Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжінің басшылығына, оқушыларға ұйымдастырылған іс-шара үшін алғыс білдіреді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено