Құрметті ата-аналар! 2023 жылғы 1 сәуірден бастап 1 сыныпқа өтініштер қабылдау басталады
Құрметті ата-аналар!
2023 жылғы 1 сәуірден бастап 1 сыныпқа өтініштер қабылдау басталады
Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес "Бірлік орта мектебі" КММ 6 жастағы балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды жүргізеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 2023 жылғы 01 сәуірден 01 тамызға дейін
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі арқылы құжаттарды беру үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы egov.kz.мектеп ғимаратының бірінші қабатында орналасқан.
Жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін
Қандай құжаттар қажет?
- қолданыстағы ЭЦҚ (электрондық-цифрлық қолтаңба)
- ата-аналардың бірінің (немесе өзге де заңды өкілдердің)өтініші
- баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі
- 2 дана мөлшерінде 3х4 см баланың сандық фотосуреті
- №063/у (денсаулық паспорты) және № 026/у-3 нысанды денсаулық жағдайы туралы құжаттардың электрондық көшірмелері.
Келіп түскен өтінімді 1 жұмыс күні ішінде өңдеу. Анықтама телефоны: (871535) 29 -169.