«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ- нің 9 сынып оқушылары Аграрлық-техникалық колледждің ұйымдастыруымен өткен «Ашық есік» күніне қатысты
2023 жылдың 7 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ- нің 9 сынып оқушылары Аграрлық-техникалық колледждің ұйымдастыруымен өткен «Ашық есік» күніне қатысты. Бұл іс-шарада балалар колледж ғимаратына саяхат жасап, оқу және өндірістік кабинеттермен, колледждің жабдықталған техникалық базасымен танысты. Колледжде оқытылатын және жаңадан ашылатын мамандықтар, жатақхана, төленетін шәкіртақы туралы мағлұмат алды. Кездесудің соңы студенттер ұйымдастырған шағын концерттік бағдарламамен аяқталды. Іс- шара ұйымдастырушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз!