Көрнекті жазушы, ақын, публицист, жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушы және "Алаш"қозғалысының көшбасшыларының бірі-Мағжан Жұмабаев. Мағжан Жұмабаев-біздің өлкеміздің мақтанышы, оны ғасырлар бойы дәріптегендердің бірі.
Осыған байланысты Новоишим қазақ орта мектебінің кітапханасында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.
Мақсаты: жаңа қазақ әдебиетінің негізін салушы атанған Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау.