Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен 5-сынып оқушылар арасында «Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз» атты викторина ұйымдастырылды.

2023 жылдың 17 наурыз күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен 5-сынып оқушылар арасында «Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз» атты викторина ұйымдастырылды.
Мақсаты: Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту; окушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту; оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.
Викторина 5 кезеңнен тұрды.
1. «Бәйге» сұрақтарға жауап.
2. «Жорға» мақалдарды аяқтау.
3. «Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.
4. «Сөзді тап»
5. «Ақсүйек» ойыны.
Нәтижесінде балалар викторинаға үлкен ықыласпен қатысып, сұрақтарға жауап беруге тырысты.
Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды және барлық оқушыларға бауырсақтар таратылды.
1 орын: «Қызғалдақтар» тобы 5а сынып
2 орын: «Бәйшешектер» тобы 5б сынып


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено